photo_2025-01-30_18-31-49

(Пайғамбарлықтың дәлелдері) және (пайғамбарлықтың белгілері)

Яхия ибн Аксам былай баяндаған: «Маъмун атты халифаның пікірталастарға арналған мәжілістері болатын, әрі бірде соған әдемі киінген, көркем жүзді, хош иіс сеуіп алған бір яһуди келді. Кейін ол сөйлей бастады, әрі оның сөздері өте керемет болды. Мәжіліс аяқталған соң Маъмун оны өзіне шақыртып алды да: «Сен исраилдіксің ба (яғни яһудисың ба)?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деп жауап берді.  Сонда Маъмун оған: «Исламды қабылда, әрі сонда мен саған игілік жасайын және сыйға бөлейін», – деді де, оған, егер ол Исламды қабылдаса, көптеген игіліктер уәде етті. Бірақ яһуди: «Жоқ, мен өз дінім мен ата-бабаларымның дінін таңдаймын», – деді. Кейін ол кетті.

Бір жыл өткен соң, әлгі бұрыңғы яһуди болған кісі (мәжілістердің біріне) енді мұсылман болған күйінде келді де, фиқһ пен хадис ілімдері туралы сөйлей бастады, әрі оның сөздері керемет болды. Мәжіліс біткен соң оны Маъмун шақырып алып: «Біздің өткендегі қонағымыз сен емес пе едің?» – деді. Ол: «Иә», – деп жауап берді. Маъмун: «Сен Исламды қабылдауыңның себебі не болды?» – деп сұрады. Бұрыңғы яһуди болған кісі: «Мен сол күні мәжілістен қайтқан соң осы діндердің барлығын тексеріп көргім келді, әрі мен оқуды және жазуды білемін. Сөйтіп мен Інжілді алдым да, оны ұш нұсқа етіп көшірдім. Әрі мен оған әлдебір нәрселерді қостым және одан әлдебір нәрселерді алып

Умра көрнекі құралы

Умра көрнекі құралы

“Қажылық рәсімдері”: шейх, доктор Хайсам Сархан дайындаған қазақ тіліндегі бұл көрнекі құралда қажылық өтеуші орындауға қажетті болған барлық рәсімдер ізбе-із келетін тәртібімен көркем, қысқа әрі өте түсінікті бейнелі тәсілмен баяндалған. Құралдың мақсаты – қажы адам бұл ұлы парызды: “Қажылық пен умра рәсімдерін менен алыңдар”, – деп айтқан Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген үлгіде орындауы.

Қажылық рәсімдері