1️⃣ Бірімізді біріміз:
تَقَبَّلَ اللَّهُ مِنَّا وَمِنْكُمْ
ТақаббәләЛлаһу миннә уә минкум — «Аллаһ бізден де, сізден де қабыл етсін», - деп құттықтау Сүннет болып табылады.
2️⃣ Пітір садақасын азық-түлікпен бір сағ мөлшерінде айт намазына дейін беріп үлгері міндетті болып табылады, ал кім оны айт намазынан кейін берсе, бұл ол үшін пітір емес, садақа болып жазылады.
3️⃣ Мерекелі такбірлерді айт қарсаңындағы түннен бастап, имам айт намазына шыққанға дейін айту мустахаб (құптаулы-сауапты) іс болып табылады.
4️⃣ Айт намазы жұма күнге түссе, онда айт намазын оқыған адамға жұма намазына қатыспауына болады, алайда ол әдеттегідей төрт ракағат бесін (зухр) намазын оқиды. Имам жұма намазына келгендерге жұма намазын оқуы міндетті болып табылады.
5️⃣ Айт күні ораза ұстауға тыйым салынады.
6️⃣ Айт күні шариғатты бұзбай қуаныш пен шаттылық, қонақжайлылық таныту керек.
sarhaan.com/