من نحن ؟
اللغة القازاقية
Біз кім?
Біз — мұсылманбыз, Жалғыз Аллаһқа құлшылық етеміз әрі Оған ешкімді серік қоспаймыз. Біз Құранға және Мухаммад пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне оның сахабаларының (Аллаһ оларға разы болсын) түсінігіне сәйкес ілесеміз.
Ислам — бұл таза бірқұдайшылық діні. Ол жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге, мейірімділікке, әділдікке әрі көркем мінезге шақырады.
Біз келесі нәрселерге иман келтіреміз:
• Аллаһ — Жалғыз, әрі оның ешбір серігі жоқ.
• Құран — Аллаһтың Сөзі.
• Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) — пайғамбарлардың соңғысы.
• Біз Ибраһим, Муса және Мәриям ұлы Иса сияқты барлық пайғамбарларға (оларға Аллаһтың сәлемі болсын) иман келтіреміз, олардың барлығын жақсы көреміз әрі олардың пайғамбарлықтарына сенеміз.
• Қайта тірілу, есеп-хисап, Жәннат және Тозақ болады.
Біздің мақсат — Аллаһқа ғана құлшылық ету әрі қоғамға пайда келтіру.
Біздің жолымыз — орташылдық пен үйлесімділік.
Біз көркеммінезділікті, мейірімділікті, әділеттілікті әрі баршамен бейбіт тұрмыс-тіршілік етуді насихаттаймыз.
Біз шектен шығушылық пен фанатизмді, зорлық-зомбылық пен шапқыншылық-агрессияны қабылдамаймыз.
Біз өзіміз өмір сүретін елдің заңдарын құрметтейміз әрі қоғамның ізгі-салиқалы әрі пайдалы мүшелері болуға ұмтыламыз.
⸻
Мешіттер туралы:
Мешіттер — жер бетіндегі ең таза әрі ең жақсы орындар. Олар жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық ету үшін салынған үйлер.
Мешіт ешкімнің мүлкі емес, ол Аллаһқа тиісті. Ол Аллаһқа құлшылық етуді, Ислам туралы білуді немесе Аллаһқа оралуды қалайтынның әрбіріне ашық.
Біз сіздердің сұрақтарыңа құрметпен және түсіністікпен жауап беруге қуаныштымыз.
⸻
Мұсылман еместер мешіттерге кіре алады ма?
Иә, біз сіздердің Исламмен танысу үшін келулеріңізді қош көреміз.
Сіздер мешітке әкімшілігі немесе келушілерді қабылдауға жауапты адам қызмет орнында болған кез-келген уақытта келе аласыздар, әсіресе:
• Намаздардың уақыттарында.
• Келушілерді қабылдауға бекітілген сенбі әрі жексенбі күндері.
• Ораза және Құрбан айт күндері.
• Рамазан айында ауызашарлар өткізілетін кезде.
Мешіт — бұл құлшылық ету, оқыту және бейбітшілік мекені.
⸻
Мешітке келудің әдебі:
• Өтініш, кішіпейілдік танытып, бұл орынды құрметтеңіз, өйткені бұл Аллаһтың үйі ғой.
• Намаз оқитын залға кіруден бұрын аяқ киіміңізді шешіңіз.
• Әелдерге арналған арнайы орын бар.
• Мешітке келгенде етек-балағы ұзын киімде болғаныңыз дұрыс. Қажет кезде тиісті киім (жамылғы) беріледі.
⸻
Ислам туралы көбірек білу және Құранның нұсқасын алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз:
https://sarhaan.com/
Қош келдіңіздер!
Мешітке қош келдіңіздер!